Ағымдағы жылдың 30 октябрь күні Ташкент қаласында ауа райы аздап бұлтты болады, түнде және таңертең жаңбыр жаууы мүмкін. Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы болады.
Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм облысы, ауа-райы аздап бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді, тек Қарақалпақстан Республикасында кей жерлерде аздап жаңбыр жауады. Батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз 13-18 градус жылы болады.
Бұхара және Науаи облыстары; ауа райы аздап бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, кей жерлерде 2 градус суық, күндіз 10-15 градус жылы болады.
Ташкент, Сырдария, Жызақ, Самарқант облыстары; ауа райы аздап бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді, тек Ташкент облысында түнде және таңертең аздап жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, күндіз 12-17 градус жылы болады.
Қашқадария және Сұрхандария облыстары; ауа райы аздап бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, күндіз 12-17 градус болады.
Әндіжан, Наманган, Ферғана облыстары; ауа райы аздап бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз 10-15 градус жылы болады.
Тау етегі мен таулы аймақтар; ауа райы аздап бұлтты болады, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Батыстан соғатын жел бағытын өзгертіп, шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 0-5 градус суық, күндіз 2-7 градус жылы болады.