Ташкент қаласында ауа райы аздап бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 3-8 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады.

Ауа температурасы түнде 3-5 градус жылы, күндіз 13-15 градус жылы болады.

Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм облысында ауа райы аздап бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан соғатын жел бағытын өзгертіп, батыстан 7-12 метр/секунд жылдамдықпен еседі.

Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, күндіз 7-12 градус жылы болады.

Бұхара, Науаи облыстарында ауа райы аздап бұлтты болады, кешке кей жерлерде жаңбыр жауады. Шығыстан 7-12 метр/секунд жылдамдықпен жел тұрады.

Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, күндіз 10-15 градус жылы болады.

Ташкент, Сырдария, Жызақ, Самарқант облыстарында ауа райы аздап бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Шығыстан 7-12 метр/секунд жылдамдықпен жел тұрады.

Ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, күндіз 12-17 градус жылы болады.

Қашқадария, Сұрхандария облыстарында ауа райы аздап бұлтты болады, кешке кей жерлерге жаңбыр жауады. Шығыстан 7-12 метр/секунд жылдамдықпен жел еседі.

Ауа температурасы түнде 4-9 градус жылы, күндіз 14-19 градус жылы болады.

Әндіжан, Наманган, Ферғана облыстарында ауа райы аздап бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін. Шығыстан 5-10 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады.

Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, күндіз 10-15 градус жылы болады.

Республиканың таулы аймақтарында ауа райы аздап бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Шығыстан 7-12 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады.

Ауа температурасы түнде 2 градус суық-3 градус жылы, күндіз 5-10 градус жылы болады.