7 январьда Каспий теңізінен Өзбекстан аумағына ылғалды және суық ауа кіре бастайды. Бұхара, Науаи облыстарында, күннің екінші жартысындадіз Ташкент, Самарқант, Жызақ, Сырдария облыстарында кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.
Қарақалпақстан Республикасында кей жерлерде түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
8 январьда түнде және таңертең тек Ташкент, Самарқант, Жызақ, Сырдария және Ферғана өңірлерінде негізінен қар көрінісіндегі жауын-шашын сақталады.
Өзбекстанның барлық аумағында 9-10 январь күндері жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп күтілуде. Республиканың кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
8-10 январь күндері ауа температурасы түнде 2-5 градус аяздан 3-6 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5-8 градус аяздан 0-3 градус аязға дейін өзгереді деп күтілуде.
Жел 7-12 м/с жылдамдықпен соғады, 7 январьда 13-18 м/с күшейеді, ал кей жерлерде 20-23 м/с күшеюі мүмкін.
6-8 январь күндері республиканың таулы аймақтарында өткінші қар жауады, 7-8 январьда кей жерлерде қар күшейеді.
Астанамызда: 6-10 январь күндері негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек 7 январьда кешке және 8 январьға өтер түні жауын-шашын, қар түріндегі жаңбыр жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Жел 3-8 м/с жылдамдықпен соғады, 7 январьда 10-12 м/с күшеюі мүмкін.
Ауа температурасы:
6 январьда күндіз 8-10 градус жылы;
7 январьда түнде 1-3 градус жылы, күндіз 6-8 градус жылы;
8 январьда түнде және күндіз 1 градус суық-1 градус жылы;
9 январьда түнде 3-5 градус суық, күндіз 2-4 градус жылы;
10 январьда түнде 3-5 градус суық, күндіз 5-7 градус жылы болады.