Еуропа Одағымен парламентаралық байланыс нығая түседі

    2025 жылдың 12 майында Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайспен кездесу өткізді.

    Кездесуде Өзбекстан Парламенті мен Еуропа Парламенті арасындағы өзара ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру, өзекті аймақтық және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасу, тәжірибемен, ақпараттармен өзара бөлісуді жалғастыру мәселелері талқыланды.

    Әңгімелесу барысында Самарқант қылысында өткізілген «Орталық Азия – Еуропа Одағының» бірінші саммиті екі аймақ арасындағы өзара сенім мен тұрақты диалогты нығайтудың маңызды іргетасы болғаны атап өтілді.

    Сондай-ақ, Ташкент қаласында апрель айында нәтижелі өткізілген Парламентаралық одақтың 150 жылдық мерейтойлық ассамблеясына Еуропа мемлекеттері парламенттері өкілдерінің белсенді қатысуы, Ассамблея аясында қабылданған құжаттардың Еуропалық Одағы тарапынан қолдап-қуатталғаны да жоғары бағаланды.

    Тараптар саяси диалогты дәйекті түрде жалғастыру, заң шығару үдерістерінде озық жанасулар алмасуы және парламентаралық байланыстарды нығайту бойынша іс-әрекеттерін жандандыруға дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлады Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    June 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates