Еуропа Кеңесінің Президенті Шарль Мишель 27 қазанда Өзбекстанға келді

    Билік 28 Oktabr 2022 5935

    Бүгін, 28 қазан күні таңертең жоғары мәртебелі мейман «Жаңа Өзбекстан» саябағына барып, Тәуелсіздік монументі түбіне гүл шоғын қойды.

    Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев «Көксарой» резиденциясында Шарль Мишельді қарсы алды. Басшылар бірге суретке түсті.

    Содан кейін жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды.

    Шағын құрамда өткен кездесуде көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің өзекті мәселелері талқыланып, халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасылды.

    Өзбекстандағы демократиялық жаңарулар мен экономикалық реформаларды жүзеге асыруды қолдау мақсатында, ең алдымен, инновациялар, «жасыл» экономика, цифрландыру салаларында практикалық ынтымақтастықты кеңейту бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткізілді.

    Сонымен қатар, «Орталық Азия – ЕО» форматындағы саммитте Өзбекстан ұсынған ұсыныстар мен бастамаларды жүзеге асыру үшін «жол картасын» дайындау мәселесі келісілді.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates