Меморандумда ЕҚДБ-нің   “Узсаноатқурилишбанкті” жекешелендіруден  алдынғы трансформациясында  50  миллион  доллар  көлемде несие линиясын  беру  арқылы қатысу көзделген.

Трансформация аясында ұсынылған несие, банктің  жарғылық капиталына  айналады, нәтижесінде ЕҚДБ   “Узсаноатқурилишбанктің ”  акционері болады.

Кездесуде Премьер-министрдің орынбасары — Экономикалық даму және кедейлікті төмендету министрі Жамшид Қучқоров, Қаржы министрі Тимур Ишметов, Қаржы министрінің бірінші орынбасары Омонулло Насритдинходжаев, Экономикалық даму және кедейлікті төмендету министрінің орынбасары Бобур Абдиназаров, Қаржы министрінің орынбасары Одилбек Исаков, Мемлекеттік  активтерін басқару агенттігінің  директоры Акмалхон Ортиқов,   “Узсаноатқурилишбанк” Басқару төрағасының орынбасары Зафар Азимов қатысты, деп хабарлайды Экономикалық даму және кедейлікті  төмендету  министрлігінің ақпарат қызметі.

Бірінші  вице-президенті   Юрген Ригтеринк басқаруындағы ЕҚДБ делегациясы Орталық  Азия бойынша жаңа басқарушы директор Жужанна Харгитай, Өзбекстандағы өкілеттігінің басшысы Алкис Дракинос, Қаржы ұйымдары секторындағы басқарушы директоры   Франсис  Малиж  және   банктің басқару  өкілдерінен  құралды.

Кездесу барысында кәсіпорындар, сондай-ақ  банктерді трансформациялау  және жекешелендіру саласындағы реформалардың  жүзеге асырылуы  туралы ақпарат  берілді.

Бұдан тыс, Өзбекстан Республикасында базар капиталын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ  ЕҚДБ-ның техникалық көмегінде жүзеге асырылатын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік саласындағы жобалар талқыланды.