ЕҚЫҰ-ның Өзбекстандағы жобаларының координаторы Сенатта

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Өзбекстандағы жобаларының координаторы Антти Карттуненмен кездесу өткізді.

    Кездесуде адам саудасы мен мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес, әйел-қыздардың барлық бағыттардағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, гендерлік теңдік мәселелері бойынша ынтымақтастық пен алдағы жоспарлары талқыланды.

    “Жаңа Өзбекстан — халықшыл мемлекет” идеясы негізінде мемлекет және қоғамның саяси-құқықтық іргетасын нығайтуға, бұл үдерістерде адам құқықтарының жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған ауқымды реформалар жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді.

    ЕҚЫҰ Өзбекстандағы жобалардың координаторы елде жүзеге асырылып жатқан демократиялық реформаларды қолдап-қуаттауды, қоғамды реформалаудағы ел парламентінің рөлін арттырып жатқанын атап өтті.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тығыз байланысты және ынтымақтастықты нығайтуға келісті, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.


    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates