2022 жылдың 15 февралінде «Экспо 2020» халықаралық көрмесінде (Дубай, БАӘ) Өзбекстанның энергетикалық апталығы аясында “Uzbekistan GTL”  компаниясы өкілдері ExxonMobil (АҚШ) делегациясымен  бизнес-кездесу өтті.

 “ExxonMobil” әлемдік энергетикалық базардың  артып келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін технологиялық жетістіктер мен инновацияларды қолдайтын әлемдегі ең ірі мұнай компанияларының бірі болып табылады. Компания саладағы ең ірі өндірістік ресурстарға ие және мұнай өнімдері мен мұнай-химия өнімдерін қайта өңдеу,  өндіру және өткізу бойынша әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі.

Кездесуле  GTL зауытында өндірілетін  мұнай-химия өндірісі үшін бағалы шикізат саналатын синтетикалық мұнайдан API классификациясындағы (Америка мұнай институты) ІІІ+тобындағы синтетикалық майларды өндіруді ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланды. Бүгінгі күні синтетикалық майлар эксплуатациондық ерекшелігі бойынша минералды майларға қарағанда айтарлықтай үстемдікке ие , сондықтан да оған талап жыл сайын артуда.

 “ExxonMobil” өкілдері аталған жобаны жүзеге асыру үдерісін бірлесіп толық үйренуден мүдделі екенін білдірді, осы бағыттағы келесі қадамдар айқындалып, ынтымақтастықтың болашақты бағыттары қарастырылды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Өзбекстандағы GTL зауытының негізінде 100 мың тоннаға дейін синтетикалық май шығаруға мүмкіндігі бар, бұл елде болашақта толық сапалы мотор майларын шығаруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.