Президентіміздің 2020 жылғы 3 декабрьдегі тиісті қаулы негізінде құрылған бұл оқу орны 30-дан астам шетелдік және жергілікті жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнатып келуде.
Институт ғимаратының ашылу салтанатында сөз сөйлегендер жаңа ғимараттың озық сәулеттік шешімдері негізінде салынғанын айта келе, мұнда жасалған жағдай медициналық білім сапасын арттыруға қызмет ететінін атап өтті.
Шара аясында мекеменің бір топ адал ұстаздары «Өзбекстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі» төс белгісімен марапатталды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.