Мамандар алғаш Ферғана қаласындағы “Ишга мархамат” моноорталығында болып, бұл жердегі оқу мен практиканың қатар  жүргізілуі, оқытушы мен оқушыларға  жасалған жағдайлар, сондай-ақ  практика өткізетін бөлмелердегі  құрал-жабдықтарды қалай пайдалану  үдерісімен танысты.

Сонымен қатар Ферғана қаласындағы “Азия Ферғана” қонақүйінде болды. Олар қонақүй қызметімен, ол жердегі жағдаймен танысып, болашақтағы жоспарлар бойынша пікір бөлісті. Күннің екінші жартысында Марғылан қаласы мен Риштон ауданында ұйымдастырылған  “Ядгорлик” жауапкершілігі шектеулі қоғам,  “Қолөнершілер”, “ Кулолчилар” орталықтарының қызметімен танысты.

Мамандармен келешекте  моноорталықта сәндік ағаштар өсіру, оларға сән беру және ландшафт дизайн саласында мамандарды дайындауға келісіп алынды, деп хабарлайды Сыртқы еңбек миграциясы агенттігінің баспасөз қызметі.