Бүгін Ферғана қаласындағы балалар емханасы және Ферғана қоғамдық денсаулық сақтау медициналық институттың педиатрия клиникалық оқу базасы ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

Шарада сөз сөйлеген облыс әкімі медицина жүйесіндегі өзгерістер, реформалар және бар проблемаларды кезеңмен шешіліп жатқанын айтты.   Ферғана қаласында республика бойынша бірінші болып қаладағы бос тұрған ғимарат негізінде 95 мыңнан астам 18 жасқа дейінгі балаларға жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін емхананың құрылғанын атап өтті.

Нысанды жөндеу істеріне «Ашық бюджет» ақпараттық порталы арқылы жергілікті бюджеттен қоғамдық пікір негізінде қалыптасқан шараларды қаржыландыруға 750 миллион сум бағытталды.

Емхана 944 миллион сумдық заманауи медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталған, атап айтқанда,  цифрлы рентген аппараты, ультрадыбыстық аппарат, стоматология, экзоэлектроэнцефалограф қондырғылармен жабдықталған.  18 жасқа дейінгі балаларға барлық медициналық мамандықтар бойынша мамандандырылған медициналық қызметтер көрсетіледі.

Сондай-ақ, қалада тұратын 18 жасқа дейінгі балалардың электронды базасы жаратылып, тұрғындарға қолайлы болу үшін емханада «Электрондық кезек» жүйесі енгізілуде.

Ғимаратта Ферғана қоғамдық денсаулық сақтау медициналық институттың педиатрия клиникалық оқу базасы да бар, онда шетелдік студенттер тағылымдамадан өту арқылы білім алып, тәжірибе жинақтай алады.

150-ге жуық шетелдік студенттер білім алатын Ферғана қоғамдық денсаулық сақтау медицина институтында жаңа ғимаратта жеке кафедра ашылды. Студенттерге өз саласының 19 білікті маманы, яғни профессор-оқытушылар, соның ішінде пәкістандық бес маман білім сырларын үйретуде.