Ферғана облысының кәсіпкерлері мен экспортшыларына көмек беріледі

    Бизнес 6 May 2022 1617

    Ағымдағы жылдың 5 майында Премьер-министрдің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаков басшылығындағы және министрліктердің, кеңселердің, салалық бірлестіктер мен коммерциялық банктердің басшыларынан құралған Сыртқы сауда, инвестициялар, жергілікті өнеркәсіптің дамуы және техникалық тұрғыдан реттеу мәселелері бойынша Үкімет комиссиясы Ферғана облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы жағдайын үйрену және оны одан әрі ынталандыру іс-шараларын әзірлеу мақсатында осы аумаққа жол алды.

    Облысқа сапары барысында Ферғана қаласындағы “Кәсіпкерлер сарайында” жергілікті кәсіпкерлермен кездесу өтті. Онда облыс кәсіпкерлері мен экспортшылар шаруашылық қызметі үдерісінде кездесетін мәселелерді жан-жақты талқылады.

    Шараға 300-ден астам кәсіпкер қатысып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, өндіру және экспорттау кезінде кездесетін жеке және жүйелі мәселелерді талқылауға мүмкіндік болды.

    Осындай мәселелерге негізінен инвестициялық жоба бастамашылары мен коммерциялық банктер тарапынан экспортшыларға қаржылық қолдап-қуаттау, жер телімдерін, бос ғимараттар мен құрылыстарды бөлу, жергілікті өнімді сыртқы базарға экспорттау, өндірістік қызметке қажетті түрлі сертификаттар мен рұқсаттар алу, инженерлік-коммуникациялық желілерге қосу мәселелері, тағы басқа да өзекті мәселелер кіреді.

    Әрбір проблема облыстың аудандары мен қалаларындағы тиісті министрліктер, кеңселер мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларын жұмылдыра отырып, әрбір мәселе үйреніліп, сарапталды. Оларды іс жүзінде шешу механизмдері әзірленіп, нақты мерзімдермен кешенді түрде шешуді қамтамасыз ету үшін тиісті басшыларға мекендік тапсырмалар берілді.

    Жүйелік сипаттағы проблемалық жағдайларды шешу тәжірибесі Үкімет комиссиясы дәрежесінде нақты алгоритмдерді тарату және кейіннен оларды еліміздің басқа аумақтарында енгізу үшін қабылданды.

    Кездесу барысында кәсіпкерлердің іскерлік ортаны жақсарту бойынша сындарлы ұсыныстары да жан-жақты талқыланып, олардың басым бөлігін үйрену, талдау және алдағы уақытта өмірге енгізу үшін қабылданды.

    Кездесуге қатысушылар тікелей диалогтың бұл форматын ризалықпен құптап, үкімет өкілдері мен бизнес-әлемі арасындағы тұрақты байланыс бизнес-ортаны жақсартудың, кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру және тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің маңызды факторы екенін атап өтті.

    Кездесу әлеуметтік желіде онлайн түрінде көрсетілді. Бұл кәсіпкерлер мен экспорттаушыларға Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы Үкіметтік комиссия басшылығына өз сұрақтарын қашықтықтан жіберуге мүмкіндік берді. Барлық келіп түскен өтініштер өз нақты шешімін тауып, бақылауға алынды.

    Сондай-ақ министрліктердің, кеңселердің, коммерциялық банктердің және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына іскерлер аясымен тұрақты және жүйелі өзара ынтымақтастық жасауда белсенді шараларды қарастыру, туындаған барлық мәселелерді дер кезінде шешу және келіп түскен өтініштерге нәтижелі жауап беру тапсырылды.

    Жиналыс қорытындысы бойынша лауазымды тұлғаларға анықталған мәселелерді шешу бойынша мақсатты тапсырмалар берілді. Жүктелген тапсырмалардың орындалуын Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы қадағалайтын болады, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates