– Менің жасым 65-те. Мен Қоқан қаласының Ақ алтын МАЖ-да тұрамын. Қазір халық депутаттары Қоқан қалалық Кеңесінің депутатымын, – дейді Авазбек Мазаидов. – Осыдан бірнеше жыл бұрын махалла ақсақал болып жұмыс істегенімде мыңдаған азаматтарға заңды көмек өте қажет екенін түсіндім. Сол кезде мен өз махалламда тегін заңгерлік кеңес беретін беймемлекеттік ұйым ашуды қолға алдым.

 Менің заң техникумын бітіргенім осы мақсаттардың алғышарты. Бір ай бұрын  махаллада мүлдем тегін заң орталығын аштым. Осы қысқа мерзімде қиын жағдайға тап болған 20 жуық көршіме заңгерлік көмек көрсеттім. Кейбіреулер менің әрекетімді әлдебір материалдық мүдделермен байланыстырды. Іс жүзінде олай емес. Менің көптеген кәсіпкерлік субъектілерім бар. Менің қажеттіліктеріме жеткілікті. Тек халқыма, көршілеріме рахаттана әрі тегін қызмет көрсеткім келеді.

Мәлімет ретінде, 15 жыл бұрын өз қызметін бастаған Ферғана заң техникумы осы күнге дейін еңбек базарына 3 мыңнан астам заң кадрларын шығарғанын айтуға болады. Көңіл аударарлық жәйт, олардың 65 пайызы бүгінде өз мамандықтары бойынша еңбек етуде.

 

Элёржон Эксанов,

Ферғана облысының Әділет басқармасы

жұртшылықпен жұмыс істеу бойынша

жетекші кеңесші.