Ферғанада корей өндірушілерінің өнеркәсіптік технопаркі құрылады

    Өнеркәсіп 27 Aprel 2023 1513

    Ферғана облысының әкімі Хайрулло Бозоров Ферғанада инвестициялық жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отырған 15 кореялық кәсіпкерлер тобын қабылдады.

    Облыс әкімі басшылығындағы Ферғана кәсіпкерлерінен құралған делегациясының үстіміздегі жылдың март айындағы Корея Республикасына сапары Сеулде Ферғананың инвестициялық әлеуетінің тұсаукесері өткізілді. Келіссөздер нәтижесінде «Incense Korea», «Herbtherapy» (иіс су), «Juno cosmetics», «Samhee» (косметика), «Techon System» (сенсорлы құрылғылар), «Korea Electric Lighting» (автономды шамдар), Yeowoon (зергерлік бұйымдар), «Daeha Solutech» (кабель өндірісі), «Juil» (өртке қарсы құралдар) және тағы басқа да компаниялардың өндірістік кәсіпорындарын орналастыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылған еді.

    Бүгінгі кездесуге осы компаниялардың басшылары мен басқа да бірқатар инвесторлар қатысты.

    Корейлік кәсіпкерлер күн барысында облыстың әлеуеті туралы жеткілікті ақпарат алғанын айта келе, жобаларын жүзеге асыру бойынша іс жүзіндік жұмыстарға кірісуге дайын екендіктерін жеткізді. Олар Сеулде өткен келіссөздерде Ферғана қаласындағы Экоқала кешенінің тиісті шағын өнеркісіп аймағы аумағында «Корея өндірушілерінің Өнеркәсіп Технопаркін» құру бойынша Сеулдегі келіссөздерде қол жеткізген келісімді жүзеге асырып, нақты инвестициялық жобаларды әзірлеуге кірісетіндерін мәлімдеді, деп хабарлайды Ферғана облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates