Ферғанада «махаллабай» істеу жүйесі жаңа деңгейге шығарылады

    Ферғана облысында «Махалладан шықпай тұрып барлық қызметтерді пайдалану» қағидаты негізінде азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсету мүмкіндіктерін жасауға үстемдік берілуде.

    Махаллаларда жаңадан сайланған әкім көмекшісі лауазымында жұмыс істейтіндерге жүйенің ерекшелігін жеткізу үшін осы жылдың 30 ноябрінен 4 декабріне дейін Ферғана мемлекеттік университетінде семинар-тренингтер және іс жүзіндік жаттығулар өткізілуде. Осы семинар-тренинг жаттығуларына қатысу үшін жауапты министрліктер, мекемелер, ұйымдардың аудан және қалалық бөлімдерінен құралған 300-ге жуық аумақтық тренерлер таңдап алынды, сондай-ақ олар бірінші күннен-ақ жаттығуларға белсенділік танытты. Бұл семинар-тренингтер Экономикалық даму және кембағалдықты қысқарту министрлігі, басқа да жауапты министрлік және мекемелердің қызметкерлері, Мемлекеттік басқару Академиясы, Жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары тарапынан өткізілуде. Оқу семинар-тренингтер 4 декабрьге дейін жалғасады.

    МҚA Ферғана облыстық басқармасының

    баспасөз қызметі.