Махаллаларда жаңадан сайланған әкім көмекшісі лауазымында жұмыс істейтіндерге жүйенің ерекшелігін жеткізу үшін осы жылдың 30 ноябрінен 4 декабріне дейін Ферғана мемлекеттік университетінде семинар-тренингтер және іс жүзіндік жаттығулар өткізілуде. Осы семинар-тренинг жаттығуларына қатысу үшін жауапты министрліктер, мекемелер, ұйымдардың аудан және қалалық бөлімдерінен құралған 300-ге  жуық аумақтық тренерлер таңдап алынды, сондай-ақ олар бірінші күннен-ақ жаттығуларға белсенділік танытты. Бұл семинар-тренингтер Экономикалық даму және кембағалдықты қысқарту министрлігі, басқа да жауапты министрлік және мекемелердің қызметкерлері,  Мемлекеттік басқару Академиясы,  Жоғары оқу орындарының профессорлары мен оқытушылары тарапынан өткізілуде. Оқу семинар-тренингтер 4 декабрьге  дейін жалғасады.

МҚA Ферғана облыстық басқармасының

баспасөз қызметі.