22 Apr 2025
15:44

    Ферғанада ұлттық бренд негізінде тракторлар шығарылады

    Облыс әкімі Хайрулло Бозоров қытайлық инвестор Юань Янпин басшылығындағы делегация мүшелерін қабылдады.

    Кездесуде Кувасой қаласындағы өнеркәсіп аймағында жалпы жобалық құны 100 миллион долларды құрайтын, бірінші кезеңде 30 миллион доллар жұмсалуы көзделген трактор өндірісі жобасын бастау мәселесі талқыланды.

    Қытайлық серіктестермен Ферғана трактор шығаратын кәсіпорынның тізімінен өткізіледі. Үстіміздегі жылдың соңына дейін «Тулпор» ұлттық брендімен бірнеше маркалы тракторлар шығарылады. Кәсіпорынның төбесіне қуаттылығы 2 мегаватт электр энергиясын өндіретін күн батареялары орнатылып, тәуелсіз электр қуатымен өзін-өзі қамтамасыз ететін болады.

    Екі кезеңнен тұратын жобаға сәйкес, бірінші кезеңде трактор шығаратын зауыт құрылады, келесі кезеңде қосыалқы бөлшектерді шығару және техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі. Өндіріс тиімділігін арттыру және өнім сапасын жақсатру мақсатында Smart технологиялардан пайдаланылады. Тракторлар жергілікті және шетелдік сатып алушыларға жеткізіледі.

    Бастапқы кезеңде 250 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

    Мы в Телеграм
    Text to speech