Бұл туралы Ферғана облысының әкімшілігі хабарлады.
Айтылуынша, облыс әкімі Хайрулло Бозоров Окуда Такефуми басшылығындағы жапондық кәсіпкерлер делегациясын қабылдады.
Кездесуде “Micado Development” компаниясы Экоқаладағы 3 гектар аумақта құны 15 млн. долларлық “Shogun city” жапония бағы, қонақүй, мейрамхана кешенін қамтитын жоба талқыланды.
“Fergana Shogun” кешенін салуға дайындық және жобаны жеделдету мәселелеріне назар аударылып, жүзеге асыруды қажет ететін міндеттер айқындалды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың ноябрь айында Ферғана қаласында Жапониядағы құрылыс, сауда, өнеркәсіп, медицина, фармацевтика, IT, білім беру, қызмет көрсету, жібек өнеркәсібі, туризм, инвестициялар мен тағы басқа салаларында жұмыс істейтін жапондық компаниялардың қатысуымен Ферғана-Жапония бизнес-форумы мен көрмені ұйымдастыруға келісілді.