Наманганда «Ватанпарварлар саябағы» ашылды

    Урбанизация 14 Yanvar 2025 1772

    14 январь – Отан қорғаушылар күніне орай Наманган облысында да сана қатысты түрлі іс-шаралар өтті.

    Давлатабад ауданында «Ватанпарвар саябағы» кешенінің ашылуы мерекесіне ерекше тарту болды. Осыған орай өткен шараға облыстағы сала басшылары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, қалың жұртшылық пен жастар өкілдері қатысты.

    Кешеннің құрылысында Құрметті Президентіміз белгілеген тұжырымдама талаптары орындалды: саябаққа көрме ретінде әскери техникалар орнатылды, Отанды қорғау жолында қаза тапқан әскери қызметкерлеріміздің бюсттерінен тұратын «Қаһармандар есімі мәңгілік» композициясы және «Отансүйер мұражайы» құрылды. Сондай-ақ саябақта жастардың мазмұнды демалуы мен шынығуы үшін түрлі жаттығулар алаңы, әскери қорғаныс бекіністері және басқа кешендер құрылады.

    «Қаһармандар есімі мәңгілік» композициясында өзқызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан наманғандық 14 жігіттің бюсттерінің астына гүл шоқтары қойылды.

    — Балам Абдулбақи жастайынан әскери болуды армандаған», - дейді Үшқорған ауданындағы «Қайқы» ауылынан келген Мухаммадалинің атасы Холматов. – Арманы орындалып, қатардағы жауынгерден сержантқа дейінгі жолды басып өтті. Тағдырдың жазуымен ол қызмет бабында қаза тапты. Бала дағынан күйсек те, бүгін оның жадына көрсетілген құрметті көріп басым көкке жетті. Осы бақта тұрған ұлымның бейнесі мені жұбатты.

    Расында, Наманғандағы мереке күні тұсауы кесілген «Ватанпарварлар бағы» елдің қайсар ұлдарына арналған нағыз ескерткішке айналды.

    Илхомжон Рахмет



    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates