Ферғанада Қытай компаниялармен бірлесіп тракторлар шығарылады

    Өнеркәсіп 22 Aprel 2025 1772

    Енді Қытай компанияларымен ынтымақтастықта жаңа дизайндағы, көптеген артықшылықтары бар тракторларды Ферғанада шығару жолға қойылады.

    Айтылуынша, облыс әкімі Хайрулло Бозоров Хэнань провинциясының Луо Янг қаласындағы “Shi Ying Machinery” және “Luoyang” компанияларына барып, Ли Шингпен және ресми тұлғалармен келіссөздер барысында трактор шығару жобасын іске қосу мәселесін талқылады.

    Оның айтуынша, Кувасой қаласындағы өнеркәсіп аймағында жалпы жобалық құны 100 миллион доллар болған, бірінші басқышта 30 миллион доллар жұмсалуы көзделген трактор өндірісі жобасы жүзеге асырылады. 2025 жылдың соңына дейін ұлттық брендпен тракторлардың бірнеше түрі шығарылады.

    Жиын соңында «Жол картасы» негізінде жүзеге асырылатын жұмыстар белгіленді.

    Мәлімет үшін, “Shi Ying Machinery” компаниясында түрлі үлгідегі тракторларды, “Luoyang” да жол және ауылшаруашылық машиналары мен тракторларын шығарады. Қытайда 50-ден 300 ат күшіне дейінгі трактор құрастыру өнеркәсібі бар компаниялар жетекші орын иелейді. Жол жөндеуге арналған техникалар да жоғары сапасымен, тиімділігімен сұранысқа ие.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates