Ферғана қаласында тағы екі мемлекеттік қызмет көрсету орталығы халық игілігіне тапсырылады

    Ел назарында 23 Dekabr 2021 1703

    Бүгінгі таңда Ферғана облысының 17 ауданы мен қалаларында мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарының заманауи ғимараттары пайдалануға берілді.

    Көрші Тәжікстанмен шекаралас Бешарық ауданында бүгінде 200 мыңнан астам тұрғындар жасайды. Аумақтың қақ орталығында Мемлекеттік қызмет көрсету орталығы жаңадан құрылып жатыр, таяу күндері көп адамға қолайлылықтар мен мүмкіндіктер есігін ашады.

    Фурқат ауданында «Мемлекеттік қызмет көрсету орталығының» мүлдем жаңа ғимараты орталық «Юксалиш» көшесінде орналасқан. Бұрындары фурқаттықтар қолайсыз жағдайға байланысты мемлекеттік қызметке деген қажеттіліктерін өтеуде қиындықтарға тап болатын.

    Фурқат және Бешарық аудандарында салынып жатқан бұл мемлекеттік қызмет көрсету орталығының ғимараты дәстүрлі әрі халықаралық сәулеткерлік дизайнмен үйлесімде салынуда. Азаматтардың кезекке тұру уақытын мазмұнды ұйымдастыру мақсатында күту залына ерекше көңіл бөлінді. Электронды кезек, инфокиоск, күту залы, балалар ойын алаңы ұйымдастырылады.

    Әрбір келуші ақпараттық инфолэнд арқылы көрсетілетін барлық қызметтер туралы толық ақпарат алады. Алдағы күндері екі орталық бір мезетте 20 адамға, ал күніне 500 адамға қызмет көрсете алады.

    МҚА Ферғана облыстық басқармасының баспасөз қызметі.