Ферғанада заманауи мақта теретін техникалар құрастырылуда

    Агросектор 9 Iyul 2025 3018

    Ферғана облысында “SvantFergana” компаниясы тарапынан Қытай Халық Республикасынан әкелінген заманауи мақта теретін машиналарды құрастыру істері кезең-кезеңімен құрастырылуда.

    Жоспар орай, жалпы есепте 300 дана техника әкелінуі белгіленіп, бүгінгі таңда оның 80-і толық құрастырылып, пайдалануға дайын екені айтылды. Бір ғана Ферғана облысының өзінде жалпы 130 дана техниканы құрастыру жоспарланған.

    Құрастырылып жатқан бұл заманауи машиналар бірқатар артықшылықтарға ие. Ең алдымен мақтаны таза, сапалы және зиян жеткізбей тереді. Ең керемет ерекшелігі – бұл машиналар бір уақытта 500 жұмысшының жұмысын орындай алады.

    Бұл мақта жинын-терін науқаны кезінде еңбек ресурстарын тиімді пайдаланудың, адам ресурстарына түсетін қысымды азайтудың, сонымен қатар өнім жинау жылдамдығын қамтамасыз етудің маңызды факторы болып табылады.

    Сондай-ақ, бұл машиналарда жанылғы шығынын да әдеттегі техникаларға қарағанда әлдеқайда үнемді. Бұл іс жүзінде шығындардың айтарлықтай төмендейді дегенді білдіреді. Осы үнемділік элементі экологиялық жағынан да маңызды болып, ауыл шаруашылығы техникасының жасыл технологиялар қағидасына сәйкес жетілдіріліп жақанынан дерек береді.

    Осы бастама тек технологиялық жаңару тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар кадрлық әлеуетті арттыру және ғылыми-практикалық интеграцияны қамтамасыз ету бойынша да өте маңызды. Осындай жанасулар арқылы ауыл шаруашылығына озық технологиялар енгізіліп, сала одан әрі бәсекеге қабілетті және экспортбап өнім өндіруге бағытталған мықты платформаға ие болады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates