Шарада облыс әкімі Хайрулло Бозоров, қалалық секторлардың басшылары, сенаторлар, облыстық денсаулық сақтау жүйесінің жауаптылары және кең қоғамдық өкілдері қатысты.
Алғаш ақсақалдар, имамдар қатысуында игі ниеттер жасап дұға жасалды.
Шарада сөз сөйлегендер осы медицина мекемесінде дүниеге келген сәбилер болашақта елімізге, халқымызға, отанымызға қызмет ететін саламат әрі сауатты, отансүйгіш ұл-қыздар болсын деп тілек білдірді.
«Ана мен бала денсаулығына көңіл бөлу – қоғамға, болашаққа назар» қағидаты негізінде мемлекетімізде соңғы 4-5 жылда медицина қызметінің сапасын арттыру жолында үлкен істер жүзеге асырылуда. Жаңа кешеннің құрылысына бюджеттен 20 миллиард сум қаржы бөлінген. Бұл әрине, туу жасындағы әйелдер, жүктілер мен балаларға көрсетілген көмектің сапасын арттыруға және көлемін кеңейтуге қызмет етеді. Қысқа мерзімде туу бөлімінің 1958 жылы құрылған 80 орынды ескі ғимарат бұзылып, барлық мүмкіндіктерге ие жаңа туу кешені пайдалануға тапсырылды, — дейді кешеннің ашылу салтанатына арналған шарада облыс әкімі.
Ферғана облысына бірінші басқышта келтірілген, Жызақ автомобиль зауытында өндірілген 10 А санатты «Volkswagen Caddy» жедел жәрдем медициналық автомашиналары қалалық және аудандық медициналық бірлестіктеріне тапсырылды.
Содан соң облыс белсенділері рәміздік таспаны қиып, қонақтар қаладағы 80 мыңға жуық туу жасындағы әйелдер үшін қызмет көрсететін туу кешенінде жаратылған қолайлылықтармен танысты, деп хабарлайды Ферғана облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.