Ферғаналық кәсіпкерлер Қырғызстандағы инвестициялық форумда

    Ферғана облысының делегациясы Қырғызстанның Баткен облысында өткен халықаралық инвестициялық форумға қатысты.

    Облыс әкімінің орынбасары - облыстық инвестициялар және сыртқы сауда басқармасының басшысы Иқболжон Эргашев бастаған Ферғана облысының делегациясы Қырғыз Республикасының Баткен облысында өткен халықаралық инвестициялық форумға қатысты.

    Баткен қаласындағы Драма театрында өткен конференцияға қатысқан облыс делегациясының құрамында Ферғана облысының экономикалық және инвестициялық салаларына қатысты ұйымдардың жауаптылары мен әр түрлі салада жұмыс істейтін 10-нан астам ферғаналық кәсіпкерлер болды.

    Форумды Қырғызстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы, Қырғызстан Министрлер Кабинеті Төрағасының міндетін атқарушы Ақилбек Жапаров сөз сөйлеп, ашты.

    Форум аясында ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің көрмесі де ұйымдастырылды. Онда ұсынылған Ферғана облысында өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдері халықаралық форум қатысушыларында үлкен қызығушылық оятты, деп хабарлайды Ферғана облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы тұрақты байланыстардың дамуы, қол жеткізілген келісімдердің нәтижесінде 2021 жылы Ферғана облысынан көршілес елге жаңа өнім түрлері: велосипед, барқыт, былғары доптар, тағы басқа да әр түрлі өнімдер экспортталады.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates