Ферғаналық жастар Германия компаниясында кәсіп-өнер үйреніп, жұмысқа орналасады

    Ферғана облысы әкімдігі қабылдау үйінде облыс әкімінің орынбасары Файзулла Қасимов Германияның «GfM Gruppe» компаниялар тобының басшысы Матиас Фрейлингті қабылдады.

    Кездесуде ферғаналық жастарды Германияда кәсіптік білім алып, медицина, қоршаған ортаны қорғау технологиялары, қолөнер, логистика және тағы басқа да көптеген салаларда кемелденген маман болып шығуы туралы пікір алмасылды.

    Ферғанаға алғаш келген Матиас Фрайлинг Германияда қолөнер саласы бойынша жұмысшы күшке сұраныс жоғары екенін айта келе, мейірбике, қонақүй, гастрономия, ІТ бағыты бойынша мамандарға да аса қажеттілік бар екенін айтты.

    Мұнда мамандардан жоғары білім талап етілмейтінін, бірақ олар В1 деңгейінде неміс тілін білуі керек екенін айтты. Сондықтан мектеп түлектерінің Германияға барып кәсіп үйрене отырып, сол жердің өзінде тікелей жұмысқа орналастыру ұсынысын да білдірді. Сондай-ақ, қонақтар барлық қажетті құжаттар мен сұрақтар бойынша арнайы бағдарлама әзірленгенін, аумақтық кездесулер барысында қызығушылық танытқандарға қажетті түсіндірмелер берілетінін де айтты.

    Файзулло Қасимов облыстағы кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарымен байланыс орнатуға қолдау көрсетілетінін айтып, неміс тілі мамандарының қажет екеніне тоқталып, Ферғана қаласында да «GfM Gruppe» компаниясының филиалын ашуды ұсынды. Сондай-ақ, германиялық мамандар онлайн түрде оқулар ұйымдастырса, жан-жақты көмек пен жағдайлар жасалатынын айтты.

    Кездесуде екі тараптың алға қойған ұсыныстары мақұлданып, алдағы уақытта ынтымақтастықта жұмыс ұйымдастыруға келісілді, деп хабарлайды Ферғана облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

    Ақпарат үшін, 1984 жылы негізі қаланған “GfM Gruppe” еліміздің әртүрлі аумақтарында орналасқан кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарының кең тармағын құрайды. 500-ден астам білікті модулін қамтитын бұл кәсіптік-техникалық оқу орталықтары қызметтің түрлі саласы бойынша мамандарды дайындайды. Атап айтқанда, компания құрамына «Sky Academy» (кәсіптік-техникалық білім беру), «HR Arena» (әлеуетті жастарды тарту және кадрлармен жұмыс істеу), «GWP mbH» (әлеуметтік педагогика), «WORKS GmbH» (шетелдіктердің әлеуметтік интеграциясы) және тағы басқа мамандандырылған мекемелерді бірлестірген.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates