Ферғананың үшінші анклав аумағында жылжымалы қабылдау өтті

    Ел назарында 25 Avgust 2022 1524

    Ферғана облысының таулы бөктеріндегі Сох және Шахимардан сияқты анклав аймақтарының қатарында Риштон ауданының «Чунғара» махалла азаматтары жинынын да санауға болады.

    Чунғара ауылы географиялық орналасуы жағынан өте ерекше. Бұл жерде Қырғызстан мен Өзбекстанның шекарасын қатаң белгілеу өте қиын. Жерлері сияқты халықтары да құда-анда болып кеткен. Бұл шын мәнінде ет пен тырнақ деп айтуға болады.

    Облыстық Әділет басқармасының бастамасымен айналасы көршілес Қырғызстанның шекарасымен түйісетін бұл ауыл тұрғындарына көшпелі қабылдау ұйымдастырылды.

    Тәуелсiздiгiмiздiң 31 жылдығы қарсаңында " Жаңа Өзбекстанда ел ғазиз, адам ғазиз!" ұранымен ұйымдастырылған жылжымалы қабылдау Ферғана облыстық әділет басқармасының жауаптыларымен бірге, Риштон аудандық ішкі істер бөлімінің Миграция және азаматтыққа тіркеу өкілдері, аудандық халық қабылдауы, Халық депутаттары Риштон аудандық Кеңесі депутаттары, кадастр, медицина бірлестігі сияқты одан астам ұйымдар мен кеңселердің қызметкерлері қатысты.

    — Жылжымалы қабылдау барысында 120-дан астам азаматтың өтініші қаралды, - дейді Риштон аудандық әділет басқармасының басшысы Муроджон Қадиралиев. – 100-ге жуық чунғаралықтардың тұрақты тұруға тіркелуі қамтамасыз етілді, 30 өтініш берушіге шетелге шығуға биометриялық төлқұжат берілді, 15 азаматқа азаматтық төлқұжат беру үшін құжаттар дайындалды. Сондай-ақ, жылжымалы мобильді автобус арқылы мемлекеттік қызмет көрсету орталығымен 20-ға жуық 6 қызмет түрі көрсетілді.

    Айта кетерлігі, азаматтардан түскен өтініштердің басым бөлігі сол жерде оң шешімін тауып, уақыт пен қаражатты қажет ететін өтініштердің орындалуы қадағаланды. Аудандық әділет басқармасының құқықтық орталығы № 44 жалпы білім беретін мектептің және мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру мекемесінің «Е-huquqshunos» жүйесі арқылы құжат айналымы жүйесінің толыққанды жұмысын қамтамасыз етті.

    Бір қызығы, жылжымалы қабылдау барысында төменнен жоғарыға қағидаты негізінде тұрғындардың заңдылыққа енгізілген өзгерістері туралы ұсыныстары тыңдалды. Халықтардың Жоғары оқу орындарына түсуіне бөлінген квоталарға, екі елдің ерлі-зайыптыларының азаматтығына қатысты көптеген пікірлер, ұсыныстар мен ой-пікірлер тыңдалды.

    Ферғана облысының Әділет басқармасы.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates