ФМҚӨЗ шикізатты өңдеу көлемін екі есеге арттырады

    Өнеркәсіп 22 Fevral 2023 1099

    Ферғана мұнайды қайта өңдеу зауыты 2024 жылға дейін шикізатты қайта өңдеу көлемін екі есеге артырады.

    Осы мақсатта Ферғана мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары «Өнеркәсіптік Энергетика Тобы» (Санег) ЖШҚ АҚ тарапынан Ферғана мұнайды қайта өңдеу зауытын жаңғырту істері жедел қарқынмен жүргізілуде. Жаңғырту үдерісі аяқталғаннан кейін шикізатты қайта өңдеу көлемі жылына 2 миллион тоннаға дейін, көмірсутегін қайта өңдеудің тереңдігін 87 пайыздан 92 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік болады.

    «Жобаның негізгі мақсаты – Өзбекстан Республикасының мұнай өнімдеріне деген сұранысты жеткізіп беру. ФМҚӨЗ-ны жаңғырту, зауытта өндірілетін мұнай өнімдерінің сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне көтеру, атап айтқанда, мотор майларының сапасын «Еуро-5» санатына, ал майлау үшін қолданылатын майлардың сапасын API бойынша II+/III тобы деңгейіне арттыру мүмкіндігін береді. Өнімдердің жаңа түрлері экологиялық таза және сыртқы базарда шетелдік қатысушыларымен бәсекеге түсе алады», - дейді Санег компаниясының бас директоры Шокир Файзуллаев.

    Көмірсутегінің жойылу көлемін азайту және зауыттың резервуарлар паркін жаңарту жаңғырту жобасының маңызды жақтары болып табылады. Осыған орай, ФМҚӨЗ жобалау-конструкторлық бөлімі 36 жаңа су резервуарларын құру жобасын дайындап, дәл қазір халықаралық экспортты тартып, олардың істеу үдерісі жолға қойылуда.

    Зауыттың күн санап ұлғайып келе жатқан қуаттарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жалпы ұзындығы 12 шақырымды құрайтын жаңа сыртқы газ құбырын тартуға техникалық тапсырмалар дайындалды. Жұмыс жобасына сәйкес құрылыс материалдары мен жабдықтары сатып алынып, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

    Ескі кешендерді мұнай өнімдерінен тазарту үдерістері жалғасуда, олар қайта өңдеуден өткеннен кейін қайта пайдалануға беріледі. Бұл компанияның экологиялық қауіпсіздік жөніндегі міндеттемелерінің маңызды бөлігі.

    Жаңғырту жобасын жүзеге асыру істеріне жалпы 100-ден астам арнайы техника мен 1000-нан астам жұмысшы жұмылдырылған. Бүгінгі таңда зауытта жалпы 4 173 адам жұмыс істейді, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    Жаңғырту жұмыстарының аяқталуы ФМҚӨЗ-ның мемлекет экономикасына қосатын үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates