Конференцияда талқыланған мәселелер және алға тартылған ұсыныстар мен бастамалар, көтерілген мәселелердің атқарылуын қамтамасыз етуде парламент аппараттары қызметкерінің белсенді қатысуы ерекше орын иелейтіні айтылды.
Сондай-ақ, парламенттер арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастары мен парламентаралық комиссиялар, достық топтардың өзара байланыстарын дамытуға бағытталған бағдарламалар мен жобаларды табысты жүзеге асыруда парламент аппараты қызметкерлердің нәтижелі қызметі маңызды институт міндетін атқарады.
Парламент аппараттары басшыларының келіссөздерінде дәл осы жақтарға назар аударылды және ынтымақтастықты жүйелі түрде жолға қою туралы пікір алмасылды.
Кездесу соңында, паралментаралық байланыстардың даму динамикасын талдау, аумақ елдері парламенттерінің ғылыми, сарапшылық және ақпарат-талдау қызметтерінің ынтымақтастық жүйесін жетілдіруге келісілді, деп хабарлайды Олий Мажлс Сенатының баспасөз қызметі.