Franklin Templeton Өзбекстанға инвестиция әкеледі

    Үстіміздегі жылдың 28 мартында Өзбекстан Республикасының инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов Franklin Templeton компаниясының инвестициялар жөніндегі бас директоры Манраж Сехонмен келіссөздер жүргізді.

    Анықтама үшін: Franklin Templeton – 1947 жылы Нью-Йоркте негізі қаланған, 9000-нан астам қызметкері бар жаһандық инвестициялық компания. Қызметінің негізгі саласы – компаниялардың капиталы мен активтерін басқару.

    Кездесу барысында Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М.Мирзияевтың ағымдағы жылдың январь айында Сингапурға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген жобалар мен келісімдерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Атап айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындарға шетелдік инвестицияларды тартудың жаңа механизмдерін енгізу мәселесі сұхбатқа қатысушылар тарапынан қолдап-қуатталды. Осылайша, ағымдағы жылдың апрель айының соңына қарай Ұлттық инвестициялық қорды құру, сондай-ақ компанияның Ташкент қаласында өкілеттігін ашу туралы келісімге қол жеткізілді.

    Мемлекеттік кәсіпорындарды трансформациялау және құрамдық өзгерту үдерістерін тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Сингапур компаниясы Өзбекстанға жоғары білікті мамандарды жібереді.

    Тараптар алдағы айларда Қордың акцияларын «Ташкент» Республикалық қор биржасына орналастыруға келісті. Бұл басқыш АҚШ, Еуропа Одағы және тағы басқа елдердің ірі инвесторларын тартуға, сондай-ақ кең жұртшылықты қор базарына инвестиция тартуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырудың бірінші кезеңі болады.

    Жиналыс қорытындысы бойынша тиісті «Жол картасы» келісіліп және қол жеткізілген келісімдер мен міндеті жобаларды өмірге енгізуден құралған жұмысшы топ құру бойынша бірауыздан қаулы қабылданды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.