Франция Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

    Билік 2 Noyabr 2023 2591

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Франция Республикасының Президенті Эммануэль Макрон Өзбекстанға ресми сапармен келді.

    Бүгін, 2 қарашада Самарқанд қаласындағы сапардың негізгі шаралары Франция басшысын ресми қарсы алу рәсімінен басталды.

    Конгресс-орталық алдындағы алаңда құрметті қарауыл сап түзеді.

    Өзбекстан Президенті жоғары мәртебелі мейманды шынайы қарсы алып, мінберге шақырды.

    Әскери оркестрдің орындауында екі елдің әнұраны шырқалды. Мемлекет басшыларының алдынан құрметті қарауыл салтанатты түрде жүріп өтті.

    Өзбекстан мен Франция Президенттері ресми делегация мүшелерін құттықтады.

    Содан кейін жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates