Француз тілінің мұғалімдері біліктілігін арттыруға Францияға оқуға жіберіледі

    Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрлігі Францияның Өзбекстандағы елшілігімен ынтымақтастықта француз тілі мұғалімдерін Францияның университеттеріне тағылымдамадан өтуге жіберу үшін жаңа жобаны қолға алды.

    Бұл туралы Мектепке дейінгі және мектеп білім беру министрінің ақпараттық қызметі хабарлады.

    Айтуынша, бұл жобаның бірінші басқышы республика бойынша өткен.

    Осы орайда, барлық аумақтардан француз тілі мұғалімдері Ev@lang платформасы арқылы Педагогтарды жаңа әдістемелерге оқытудың ұлттық орталықтарында сынақтан өтті.

    Тест нәтижелері бойынша іріктеліп алынған мұғалімдерді тәжірибелі француз сарапшылары 30 сағаттық оффлайн және 15 сағаттық онлайн оқыту курстарында оқытады.

    Мәлімет ретінде: бұл жобаны 4 басқышта жүзеге асыру жоспарланған.

    Соңғы нәтижелерге орай, ең жоғары нәтиже көрсеткен француз тілі оқытушылары 2024 жылдың соңына дейін Францияның беделді жоғары оқу орындарына жіберіледі.

    Бұл жоба бойынша биыл 200 мұғалімді қамту жоспарлануда.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates