ФДА-мен ынтымақтастық болашақтары талданды

    Үстіміздегі жылдың 20 июнінде Өзбекстан Республикасы Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Шохрух Гуламов Францияның Даму Агенттігімен (ФДА) Жылдық кеңесу кездесуіне қатысты.

    Шараның басты мақсаты – жүзеге асырылып жатқан біріккен жобалардың атқарылуын талдау және экономиканың басым секторларында жаңа болашағы зор бастамаларды белгілеп алу туралы пікір алмасу болды.

    ФДА-мен бірге энергетика, сумен қамтамасыз ету, жасыл экономика, мал шаруашылығы салаларында 500 миллион еуроны құрайтын 4 жоба жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Өзбекстан аймақтарында су және орман шаруашылығы, энергетика, банк-қаржы саласын дамыту бағытында 7 жоба әзірленуде, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    2023 жылдың ноябрь айында Өзбекстан мен ФДА арасында 2023-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылған еді. Ол ФДА тарапынан Өзбекстанды болашақта қаржыландыруының негізгі басымдықтарын қамтиды. Су-энергетика және «жасыл» экономика саласындағы ынтымақтастық жалғасады. Сонымен қатар ФДА Арал теңізі өңіріндегі экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажетті инвестицияларды қаржыландыру бойынша жұмыс істейтін болады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates