Сот арқылы азаматтардың 1 миллиард 560 миллион сум жалақысы өндірілді

    Әділет бөлімдерінің ең негізгі міндеті халыққа құқықтық көмек көрсету, олардың қоғам өміріндегі бұзылған құқықтарын тіктеу және заңды түрде іс жүзіндік көмек көрсету болып табылады.

    Осы жылдың бірінші тоқсанында Ферғана облысының әділет бөлімдеріне тұрғындардан 4,5 мыңнан астам өтініштер мен арыздар келіп түскен. Жерлестеріміздің осы мекемеден жүздеген мәселелері шешімін тапты.

    Насибахон Ахматқулова Риштан ауданының 2-Мамандандырылған мемлекеттік жалпы білім беретін мектепте кадрлар бөлімінің менеджері болып жұмыс істейді. Оның Әділет бөліміне жазған өтінішінде жалақының заңды түрде төленбей жатқаны айтылған. Әділет қызметкерлерімен бірлесіп оның ісі тексеріліп, бұзылған құқықтары сот тәртібінде тіктелді.

    Аудан орталығынан шалғай орналасқан Навбахор ауылының тұрғыны Нодирахон Якубжанованың мүгедек баласына арнайы арба керек болыпты. Алайда ол қызын жалғыз қалдыра алмайтындықтан, аудандық әділет бөліміне бара алмай, телефон арқылы өтініш жасады.

    – Мүмкіндігі шектеулі қызымның арнайы арбасы бар. Бірақ көп қолданғандықтан жарамай қалды, – дейді Нодира Якубжанова. – Оның үстіне қазіргі арбамыз үлкендерге арналған. Біраз қиналдық. Махалла азаматтар жиыны төрағасының ұсынысымен мен жай ғана кеңес сұрадым. Орналасқан жерімді, әлеуметтік жағдайымды білген соң бір күнде арнайы балалар арбасын әкеліп берді.

    Риштан аудандық әділет басқармасына биылғы жылдың бірінші тоқсанында 500-ден астам арыз-шағым келіп түскен. Оның ішінде 411 өтініш заң аясында қанағаттандырылды. 85 өтініш берушіге құқықтық түсіндірмелер мен кеңестер берілді. 244 ұсыныс, 606 ескерту берілді. 82 лауазымды тұлғаға әкімшілік хаттамалар толтырылды.

    Өтініш негізінде үйренулер барысында бірқатар заң бұзушылықтарға шара қолдану мақсатында Мемлекеттік кадастр палатасының Риштан аудандық филиалына ұсыныс жасалды. Филиал басшысы жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша заңдылықты бұзып, азаматтың өтінішіне салғырттық танытқаны анықталды. Ал филиал басшысы Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексінің 43-бабымен жазаланды.

    Яғни, Сырдария-Сох Ирригация жүйесінің басқармасы құзырындағы мелиоративті экспедициясы Риштан ауданының бөлімі сол мекеменің насос станциялары мен энергетика бөлімінің басшылары, Риштан ауданы әкімінің өнеркәсіпті дамыту, күрделі құрылыс, коммуникация және коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі орынбасарлары, сондай-ақ суару бөлімдерінің басшылары анықталып, әкімшілік хаттамалар жасалды.

    Дәл осындай әкімшілік хаттама Риштан аудандық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысына да қолданылды. Әділет бөлімінің міндетті өтінішін орындамау Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауаптылық туралы кодексінің 1984-бабының 1-бөлігімен ресімделген.

    Назар аударарлық жайт, аудандық әділет бөлімінің 2022 жылдың бірінші тоқсанында 186 жағдай Азаматтық істер бойынша Риштан ауданаралық сотқа 1 миллиард 560 миллион сум көлемде қаржы өндіру бойынша талап арыз түсірген және ол толыққанды қанағаттандырылды.

    Сондай-ақ Риштан аудандық Ветеринария және мал шаруашылығын дамыту бөлімі қызметкерлерінің заңдылықта белгіленген жолақысы мен түскі ас ақысына қосымша ақы төленбегені туралы шағымдар келіп түскен.

    Алайда, Министрлер Кабинетінің 2017 жылғы 4 декабрьдегі 963-санды қаулысымен бекітілген Ереженің 14-бабында қызметкерлерді әлеуметтік қолдап-қуаттау және олардың жұмыс нәтжелілігін арттыру мақсатында әр айда ұжымдық шартқа сәйкес жол транспорты үшін және қызметкерлердің түскі ас қаражаттарына көмектесу мақсатында базалық есептеу мөлшерінің екі есе көлемінде төлемдерді жүзеге асыру белгіленген.

    Осыған байланысты Азаматтық істер бойынша Риштан ауданаралық сотқа 35 қызметкердің жалпы 760 миллион сумдық еңбек ақы өндіру бойынша арыз кірітіліп, орындалды.

    Элёржон Эксанов,

    Ферғана облыстық әділет басқармасының

    қоғамдық байланыс

    бойынша жетекші кеңесшісі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates