Ұсақ жасушалы ісіктер тез дамиды және жоғары агрессивтілікпен сипатталады. Оның үстіне, оны ерте кезеңде анықтау қиын. Сондықтан ауру көбінесе кеш анықталады. Ең жаманы, оны емдеу өте қиын.

Өкпе обырының бұл түрі негізінен темекі шегуден туындайды. Сондай-ақ қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары, тыныс алу жүйесінің аурулары және генетикалық бейімділік себеп болады.

АҚШ ғалымдары ұсақ жасушалы обырды тиімді емдеудің жолын тапты. Зерттеу жануарларға  жасалып,  сынақтан сәтті өтті.

Ол үшін дәрігерлер SCLC жасушаларын тышқандарға көшіріп өткізді. Жануарлардың бір тобы циклофосфамидпен, екінші топқа SMYD3 ингибиторымен, үшінші топ екі препаратпен де емделді. Төртінші топқа ешқандай емдеу әдістері қолданылмаған.

Соңында циклофосфамид пен SMYD3 препараттарын қолданған тышқандарда қатерлі ісіктердің өсуі тоқтағаны анықталды.

Мамандардың пікірінше, бұл жаңа әдіс химиотерапиялық емдерге айтарлықтай әсер етпейтін науқастарды емдеуде үлкен нәтиже береді.