Самарқанд қаласының әуежайында Германия Үкіметінің басшысын Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Ж.Худжаев және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Жоғары мәртебелі қонақтың құрметіне екі елдің тулары көтеріліп, құрметті қарауыл сап түзеді.
Саммиттің негізгі іс-шаралары Самарқанд қаласындағы Конгресс орталығында өтеді. Сапар бағдарламаларына сәйкес, жоғары деңгейдегі келіссөздер және екі ел басшыларының іскер топтармен кездесуі, сондай-ақ қаланың көрікті жерлерімен танысу жоспарланған.