Конгресс-орталық алдындағы алаңда құрметті қарауыл сап түзеді. Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жоғары мәртебелі мейманды мінберге шақырды.
Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады. Басшылар құрметті қарауыл сапының алдынан өтіп, ресми делегациялар мүшелерін қарсы алды.
Бірлескен фотосессиядан кейін жоғары деңгейдегі келіссөздер басталды.