GIZ былғары-аяқ киім саласына білім беру гранттарын тартуға көмектеседі

    Білім 30 May 2023 2347

    2023 жылғы 26 майда «Узчармсаноат» бірлестігінде Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) өкілдерімен кездесу өтті. Онда екіжақты ынтымақтастық байланыстарды дамыту және біріккен бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    Кездесуде Өзбекстанда былғары- аяқ-киім және елтірі өнеркәсібі саласында сапалы білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, салаға білікті кадрларды даярлау, қайта даярлау, стандарттау және сертификаттауға қатысты мәселелері бойынша өзара пікір алмасылды.

    Айта кетейік, GIZ 130-дан астам елде жұмыс істейді. Өзбекстанмен 1992 жылдан бері ынтымақтастықта жұмыс жүргізіп келеді. Қызметі барысында елімізде жеке секторды қолдап-қуаттау, ауыл шаруашылығы, химия өнеркәсібі, білім беру және көптеген салаларда біріккен бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырып келеді.

    Бірлестік басшылығымен өткен диалог барысында GIZ тарапынан грант негізінде техникалық көмек көрсету бағдарламасы аясында былғары өнеркәсібіне грант қаржыларды тартқан жағдайда «дуал» білім беру жүйесінің механизмдерін енгізу мәселесі қаралды. Ел бойынша 14 миллион еуроны құрайтын үлкен бағдарлама жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында былғары-аяқ киім өнеркәсібі үшін кадрларды даярлау және қайта даярлауға бағытталған арнайы бағдарлама әзірленіп, жергілікті кәсіпорындарда, кәсіптік колледждерде, жалпы білім беретін мектептерде жастар «дуалды» оқыту негізінде білім алуда. Ол үшін GIZ тарапынан арнайы гранттар тартылады.

    Сондай-ақ басқосуда «Узчармсаноат» бірлестігінің Ташкент қаласындағы жергілікті және шетелдік инвесторлармен ынтымақтастықта мода, дизайн, технология, стандарттау, маркетинг бағыттарында сала кәсіпорындарының қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау, салада иновацияларды енгізу бойынша «Былғары-аяқ киім сән, дизайн және инновация орталығы» шуъба кәсіпорындарын ұйымдастыру мәселесі де қарастырылды.

    Осыған орай, Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігінің, Кедейшілікпен күрес және жұмыспен қамту министрлігінің және «Узчармсаноат» бірлестігінің осы жобаға сыртқы қайтарымсыз көмек (грант) қаржыларын тарту бойынша ұсыныстары мен бастамалары GIZ тарапынан қолдап-қуатталды, деп хабарлайды «Узчармсаноат» бірлестігінің баспасөз қызметі.

    Жиында елімізде өндірілетін былғары-аяқ киім өнімдерін шет елдерге экспорттау көлемін арттыру мақсатында стандарттау орталығын құру мәселесі де айрықша талқыланды. Бұл орталық ең бірінші халықаралық сапа сертификаттарын кәсіпорындарға енгізуде іс жүзіндік көмек көрсетеді. Бұл өз кезегінде, халықаралық базарда «Өзбекстанда жасалған» белгісі бар өнімдердің беделін одан әрі арттыруға қызмет етеді.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates