Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) аға қызметкері Й.Деппе басшылығындағы делегация Марғұлан, сондай-ақ Тошлақ аудандық Мемлекеттік қызмет көрсету орталығында болды.
Өйткені 2021 жылғы 1 май күні Өзбекстан және Германия арасында қаржылық және техникалық ынтымақтастық бойынша мемлекетаралық келіссөздер өткен болатын. Міне осы шаралар аясында екі жақ та көптеген келісімдер жасаған. Атап айтқанда бүгінгі делегацияның ісі барысында электронды үкімет, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызмет көрсету саласын одан әрі реформалау, мамандардың біліктілігін арттыру және еңбек базары әкімшілігін жетілдіруге бағытталған жаңа жоба бойынша пікір алысты. Бұл болашақта жасалатын жобалар үшін берік іргетас болады.
Делегация басшысы Й.Деппе Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарында кәсіпкерлер мен азаматтарға жасалған жағдайлармен танысып, жаңа жоспарланған жобаларға қатысты сұрақтарға толық жауап алды. Жергілікті мамандармен пікір алысты, — деп хабарлайды МҚА Ферғана көрсету облыстық басқармасының баспасөз қызметі.