Өзбекстан мен Қатар әуе қатынасы туралы келісімге қол қойды

    Бүгін Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігінде Қатар Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі шейх Мухаммад бен Абдулрахман бен Джасим Әл-Танидің осы елге ресми сапары барысында Өзбекстан мен Қатар үкіметтері арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге қол қойылды.

    Келісімде әуе қатынасын ұйымдастыру, авиакомпанияларды тағайындау, рейстерді орындау құқығын беру, бағыттарды анықтау, сертификаттар мен лицензияларды тану, екі елдегі авиакомпаниялардың өкілдіктерін реттеу қарастырылған болып, оған Өзбекстан атынан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, Қатар елінің атынан Премьер-Министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі шейх Мухаммад бен Абдулрахман бен Джасим Әл-Тани қол қойды.

    Құжат ережелеріне сәйкес әр тараптың тағайындалған авиакомпаниялары екінші мемлекеттің аумағында келісілген жерлерде қонуға және өз территориялары арқылы қонбай ұшуға тиісті құқықтарды пайдаланады.

    Кездесуде тараптар Ауғанстандағы бейбітшілік процесін қолдау және оның әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын қалпына келтіру бойынша бірлескен күш-жігерді жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді, деп хабарлайды ӨзА.

    No date selected
    September 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates