Мұндай болжамды Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) жариялады, деп хабарлады Xinhua.

Сарапшылардың пікірінше, әлемдік экономика 2026 жылға көптеген мамандар күткеннен де жақсы көрсеткіштермен қадам басқанымен, Таяу Шығыстағы қақтығыс оның болашағына әсер ететін негізгі факторға айналды.

Ұйым мамандарының пікірінше, қақтығыстың қалай өрбитіні әзірге белгісіз екенін және оның экономикалық салдары әскери іс-әрекеттер аяқталғаннан кейін де біраз уақыт сезілуі мүмкін екенін атап өтті.

Осыған байланысты ЭЫДҰ екі ықтимал болған даму сценарийді ұсынды: қысқа мерзімді теріс әсерлермен шектелетін уақытша тұрақсыздық пен кең ауқымды әрі ұзақ мерзімді салдарға әкелетін тұрақсыздық.

АҚШ пен Иран арасында бейбіт келісімге қол жеткізу ықтималдығы артып, энергия бағалары 2026 жылдың ортасынан бастап біртіндеп төмендейді деп қарастырылатын негізгі сценарий бойынша ЭЫДҰ 2025 жылғы 3,4 пайыздық өсімнің 2026 жылы 2,8 пайызға дейін баяулайтынын және 2027 жылы қайтадан 3,1 пайызға дейін өсетінін болжауда, деп хабарлады Kazinform.