Түркі халықтарының қаһармандық эпостары бір том болып жарық көрді

    ЮНЕСКО-ның Самарқанттағы 43-сессиясы аясында «Түркі халықтары фольклорының көп томдық» жинағының бірінші томының тұсаукесері өтті.

    Бұл туралы Ғылым Академиясы хабарлады. Бұл жинақты Өзбекстан Президентінің бастамасымен Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры басып шығаруда.

    «Түрік халықтары фольклорының көп томдығының» бірінші томында әзербайжан, қазақ, қырғыз, түрік және өзбек халықтарының ең жарқын қаһармандық эпостары, сондай-ақ «Кітаби-Дада Қорқуд», «Гуруғли», «Алпамыс», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр», «Едігей», «Эр Сайин», «Ертарғын», «Қырымның қырық батыры», «Манас» , «Рустамхон», «Муродхон» сияқты дастандар орын алған.

    Белгілі болғандай, түркі халықтарының қаһармандық дастандары жай ғана көркем сөздің үлгісі ғана емес, түркі халықтарының өмірін бейнелейтін тарих.

    «Бірінші томнан орын алған «Алпамыс», «Рустамхон», «Муродхон» сияқты дастандарымызды бақшыларымыз ықылым заманнан күні бүгінге дейін сүйіспеншілікпен жырлап келеді. Осы дастандарды орындайтын бақшыларымыздың өнері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар репрезентативті тізімінен орын алғаны қуанарлық жайт. "Түркі халықтары фольклорының кейінгі томдарында фольклордың барлық жанрларын енгізу жоспарлануда. Бұл үлгілер ең жоғары әрі мықты үлгі болғандықтан ерекше маңызға ие", - делінген хабарда.

    Жобаны түркі әлемінің ең жетекші фольклортанушы ғалымдары мен сарапшылары баспаға дайындаған.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates