Грузия порттары Өзбекстан үшін Еуропа мен Америкаға жол ашады

    Көлік 20 Fevral 2023 1600

    Өзбекстан жүктерін Поти және Батуми порттары арқылы үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету шаралары қаралуда.

    Ағымдағы жылдың 15-17 февраль күндері Транспорт министрінің орынбасары Абдусамат Муминов басшылығындағы Жұмысшы топтың Грузияға сапары барысында еліміздің Экономика және тұрақты даму министрлігімен, «Грузия темір жолдары» АҚ, Поти және Батуми порттары басшылығы, порттағы жеке меншік терминал өкілдерімен кездесу өткізілді.

    Грузияның Экономика және тұрақты даму министрінің орынбасары Гурам Гурамишвилимен өткен кездесуде Өзбекстанның экспорттық және импорттық жүктерін Грузия порттары арқылы Еуропа және Американың құрлық елдеріне үздіксіз тасымалдау мәселелері талқыланды.

    Кездесуде жүк тасымалдау қаражаты мен мерзімін қысқарту, тарифтік жеңілдіктерді кеңейтуге байланысты мәселелері де қарастырды.

    Тараптар Поти және Батуми порттарының инфрақұрылымынан тиімді пайдалану жөнінде пікір алмасты. Кездесулерде талқыланған ынтымақтастық бағыттары аясында тараптар алдағы уақытта жүзеге асырылатын міндеттерді айқындап алды, деп хабарлайды Транспорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates