«Аумақтық әуеқатынауларды және және ішкі туризмді одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша іс-шаралар туралы» Үкімет қаулысы ( 302-санды, 07.05.2025 ж.) қабылданды.
Қаулыға орай:
— әуе билеттерінің бағасын және субсидияланатын авиақатынау бағыттарын субсидиялау көлемін белгілеу бойынша арнайы комиссияның құрамы қайта бекітілді;
— жергілікті бағыттағы әуеқатынауларға “Uzbekistan Airways” АҚ үшін белгіленген арнайы тарифтер мен субсидия мөлшерлері барлық резидент авиакомпанияларына ұсынуға келісім беріледі.
Осыған орай, барлық резидент авиакомпаниялар Арнайы комиссия тарапынан белгіленген жергілікті бағыттар мен тарифтер шеңберінде әуе билеттерін сатуды бастауға және әр айдың қорытындысы бойынша Транспорт министрлігінің 2021 жылғы 14 ноябрьдегі 188-санды бұйрығымен бекітілген кесте түрінде Транспорт министрлігіне субсидия алуға өтініш кіріту мүмкіндігін хабарлаймыз.
Ақпарат ретінде: Жергілікті әуеқатынауларды субсидиялау 2021 жылдың 1 июнінен бастап енгізілген және 2026 жылдың 1 январына дейін жалғасады.