Ташкент қаласындағы махаллада туризм көшесі ашылды

    Билік 3 Aprel 2024 2923

    3 сәуірде Президент Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласының «Шайхонтохур» ауданындағы Гүлбазар махалласында болды.

    Әрбір махалланың өзіне тән дәстүрлері мен мүмкіндіктері бар. Олар «өсу нүктесіне» айналып, жұмыс орындарын құру мен халықтың табысын арттырудың көзі ретінде дамып келеді.

    Гүлбазар Ташкенттің тарихи бөлігінде, Чарсу базарының маңында орналасқан. Мұнда жылдың барлық мезгілінде көптеген шетелдік туристер келеді. Сондықтан аудан туристік қызмет көрсетуге мамандандырылған. Ташкент қаласынның көне келбетін сақтай отырып, көшелер мен үйлерде қосымша жағдай жасалды.

    Атап айтқанда, барлық байланыс желілері жер астында жүргізілді. Көше басындағы тарихи қақпа қалпына келтірілді. Бағаналары ойылған үлкен алаң, жанына бассейн салынды. Ұлттық кесте және қолөнер шеберханалары, наубайхана, ұлттық асханалар, зергерлік бұйымдар дүкендері құрылды. «Нан тарихы» және «Ежелгі Ташкентке саяхат» атты көрмелері ашылды. Үш жұлдызды қонақүй де салынуда.

    Бұл көше «Шайхонтохур» ауданында құрылып жатқан «туризм сақинасының» бір бөлігі болмақ. Бір сөзбен айтқанда, туристер мұнда көне және ұлттық атмосфераны сезінеді.

    Махалла тұрғындары Мемлекет басшысына осындағы өзгерістер мен халық тұрмысы туралы айтты. Мұнда 2670 адам тұрады. Сауда, қолөнер, қызмет көрсету саласының дамуы нәтижесінде махалла жұмыссыздықтан ада аймаққа айналды. «Қауіпсіз аймақ» жүйесі енгізілген. Бұл жобаны жүзеге асырғаннан кейін барлық үй шаруашылықтарының кірісі айтарлықтай өскені атап өтілді.

    Президент ұлттық киімдер мен өнер бұйымдарын тамашалап, оларды дайындайтын қолөнерші қыз-келіншектермен әңгімелесті.

    Мемлекет басшысы махалладағы сумалак дайындау шарасына да қатысты. Мұнда әже-апалар бейбіт елге мейрамдар жарасатынын, осы үшін Жаратушыға шүкіршілік айтты. Шавкат Мирзиёев оларды Рамазан айының берекелі күндерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Ел-жұртқа амандық, тыныштық тілеп дұға жасалды.

    Шенеуніктерге «туризм сақинасын» жалғастырып, саладағы жұмыспен қамтуды арттыру тапсырылды.

    – Заманауи кешендер барлық жерде бар. Біз ұлы тарихымызбен шетелдік туристерді көбірек тартуымыз мүмкін. Сондықтан бұл жер күндіз-түні туристік орталыққа айналуы керек. Осындай этнографиялық орындарды көбейту, ұлттық құндылықтарымызды паш ету, түрлі фестивальдер өткізу қажет, – деді Шавкат Мирзиёев.

    Биылғы жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасы Президентінің «Республикаға шетелдік туристер ағынын күрт арттыру және ішкі туризмді одан әрі жеделдету шаралары туралы» қаулысы қабылданған еді. Соған сәйкес туристік орындардың санын арттыру, өңірлерді байланыстыратын туристік қызметтерді одан әрі кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Мұның жүзеге асуын Гүлбазардың мысалында көруге болады.

    Сондай-ақ, «Жасыл кеңістік» жобасы аясында жеміс-жидек және сәндік ағаштар мен гүлдер отырғызылып, махалла көркіне көрік қосуда.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates