Гүрлен ауданында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде балабақша ашылды

    Білім 27 Aprel 2023 1709

    Хорезм облысының Гүрлен ауданы, «Гулшан» МАЖ аумағында орналасқан «Лолахан-Зухрахан» ЖШҚ-ға қарасты 120 орындық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізіндегі беймемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру ұйымы пайдалануға берілді.

    Ұйымның ашылу салтанатына Өзбекстан Республикасы Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Т.Нарбаева қатысты.

    Осы мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру ұйымына 120 баланы қамту арқылы Гүрлен ауданында мектепке дейінгі тәлім-тәрбие берумен қамту деңгейін 87,4 пайыздан 88,4 пайызға (1%) арттыруға мүмкіндік туды. Сондай-ақ 20-дан астам жаңа жұмыс орны ашылды.

    Анықтама үшін: Бүгінгі таңда Гүрлен ауданында 3-7 жас аралығындағы балалар саны 11862-ні құраса, соның ішінде 10373 бала (87,4%) 38 мемлекеттік, 171 отбасы және 4 мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізіндегі мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру ұйымдары тарапынан қамтылған, деп хабарлайды Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру агенттігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates