баннер
2 Mar 2025
14:51

    Аптаның әр бейсенбісі дене шынықтыру және спорт күні ретінде белгіленді

    «Жастардың спортпен тұрақты айналысуы үшін қосымша жағдайлар жасау туралы» Президенттің қаулысы (ПҚ-443-санды, 18.12.2024 ж.) қабылданды.

    Қаулыға сәйкес, аптаның әр бейсенбісі дене шынықтыру және спорт күні ретінде белгіленді.

    2025/2026 оқу жылынан бастап:

    спорт мектептерін спортқа мамандандыру тәжірибесі енгізіледі;

    спорт мектептерінде бұқаралық спорт бойынша тренер-селекционер лауазымы енгізіледі;

    әрбір бұқаралық спорт бойынша тренер-селекционерге 5 махалла және оның аумағындағы мемлекеттік білім беру мекемелері бекітіледі;

    бұқаралық спорт бойынша тренер-селекцонер өзіне бекітілген аумақта «Бес бастама олимпиадасы», «Дене шынықтыру деңгейі» спорттық сынақтарын өткізуге жауапты болады.

    2025/2026 оқу жылынан бастап өңірлердегі олимпиада және ұлттық спорт түрлері бойынша мемлекеттік мамандандырылған мектеп-интернаттардың қызметі мынадай жаңа тәртіпте ұйымдастырылады:

    спорт түрлері бойынша шеберлік мектептері ұйымдастырылады;

    шеберлік мектептерінің қызметі спорт түрлері бойынша дарынды жас спортшыларды іріктеуге және оларды ұлттық құрама командаларға негізгі үміткер ретінде дайындауға бағытталады, сондай-ақ жеке спорт түрлеріне мамандандырылады;

    шеберлік мектептерінің оқушы-спортшыларының жалпы контингенті 150-ден көп болмаған мөлшерде 7-11- сынып оқушыларынан құралған болады;

    шеберлік мектептерінің оқу бағдарламаларын игерген және қорытындылау мемлекеттік аттестациясынан өткен 11-сынып бітірушілеріне мемлекет үлгісіндегі жалпы орта білім туралы атестат беріледі;

    Шеберлік мектептерінде азық-түлікпен қамтамасыз ету шығындарын ішінара өтеу үшін ата-аналардан төлем алмайды.

    No date selected
    March 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates
    Мы в Телеграм
    Text to speech