Қаулыға сәйкес, аптаның әр бейсенбісі дене шынықтыру және спорт күні ретінде белгіленді.

2025/2026 оқу жылынан бастап:

спорт мектептерін спортқа мамандандыру тәжірибесі енгізіледі;

спорт мектептерінде бұқаралық спорт бойынша тренер-селекционер лауазымы енгізіледі;

әрбір бұқаралық спорт бойынша тренер-селекционерге 5 махалла және оның аумағындағы мемлекеттік білім беру мекемелері бекітіледі;

бұқаралық спорт бойынша тренер-селекцонер өзіне бекітілген аумақта «Бес бастама олимпиадасы», «Дене шынықтыру деңгейі» спорттық сынақтарын өткізуге жауапты болады.

2025/2026 оқу жылынан бастап өңірлердегі олимпиада және ұлттық спорт түрлері бойынша мемлекеттік мамандандырылған мектеп-интернаттардың қызметі мынадай жаңа тәртіпте ұйымдастырылады:

спорт түрлері бойынша шеберлік мектептері ұйымдастырылады;

шеберлік мектептерінің қызметі спорт түрлері бойынша дарынды жас спортшыларды іріктеуге және оларды ұлттық құрама командаларға негізгі үміткер ретінде дайындауға бағытталады, сондай-ақ жеке спорт түрлеріне мамандандырылады;

шеберлік мектептерінің оқушы-спортшыларының жалпы контингенті 150-ден көп болмаған мөлшерде 7-11- сынып оқушыларынан құралған болады;

шеберлік мектептерінің оқу бағдарламаларын игерген және қорытындылау мемлекеттік аттестациясынан өткен 11-сынып бітірушілеріне мемлекет үлгісіндегі жалпы орта білім туралы атестат беріледі;

Шеберлік мектептерінде азық-түлікпен қамтамасыз ету шығындарын ішінара өтеу үшін ата-аналардан төлем алмайды.