Аптаның екінші жартысында жауын-шашын болады

    Ел назарында 18 Mart 2024 681

    Бүгін және ертең республиканың басым бөлігінде құрғақ және өте ыстық ауа райы сақталады.

    18 март күні күндіз тек Самарқант, Жызақ, Қашқадария, Сұрхандария облыстарының кей жерлерінде, ал 19 мартта Қарақалпақстан Республикасының кей жерлерінде жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы 15-20 градус шамасында, кей жерлерде 22 градусқа дейін, оңтүстікте 25-28 градусқа дейін жылы болады.

    20-22 март күндері республика аумағына ылғалды ауа кіріп келеді деп күтілуде. Республикада өткінші жаңбыр жауады, 20-21 март күндері кей жерлерде қатты болады, ал кей жерлерде найзағай болуы мүмкін.

    Ауа температурасы 20 мартта 15-20 градус жылы болса, 21-22 мартта 10-15 градус жылыға дейін жайлап төмендейді.

    Шығыстан соғатын жел бағытын өзгертіп, батыстан 7-12 м/с жылдамдықпен соғады, 20-21 мартта кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде 25-28 м/с дейін күшейеді.

    Таулы аймақтарда қар көшкіні болу қаупі сақталады.

    Астанамызда: 18-19 март күндері жауын-шашын күтілмейді, 20-22 мартта өткінші жаңбыр жауады, найзағай болуы мүмкін. Шығыстан соғатын жел бағытын өзгертіп, батыстан 5-10 м/с жылдамдықпен соғады, 21 мартта 15-17 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы: бүгін және ертең 19-22 градус; 20 мартта 17-19 градус жылы болады; 21-22 мартта біртіндеп 10-15 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Өзбекстанның Гидрометеорологиялық қызметінің агенттігі.