Алдынғы қажылық маусымында кейбір азаматтар сот және басқа органдардың құжаттарына орай, белгіленген қарызын уақытылы төлемегендіктен Республика аумағынан шығу құқығы шектелгеніне байланысты артықша әурегершілікке тап болғаны айтылуда.
Сондықтан, сапар алдында MАБ оларға қатысты шектеудің бар-жоғын mib.uz ресми сайтындағы «Республикадан шығуға шектеу» парақшасы немесе MАБ.UZ мобильді қосымшасы (Play Market-тен жүктеп алу мүмкін) арқылы тексеруді сұрады.
Мәлімет ретінде: осы парақшалардағы «Қарызды тексеру» және «Республикадан шығуға шектеу» айдарлары арқылы өзіңізге қатысты қарыздарлықтың бар-жоғын лезде біліп, электронды төлем жүйелері арқылы берешекті төлеуге болады.
"Сақ болыңыз және жасалған мүмкіндікті тиімді пайдаланыңыз. Біз қажылық сапарыңыз жағымды және тыныш болғанын қалаймыз", - делінген хабарламада.