Ынтымақтастық байланыстар жолға қойылуда

    Анкара қаласында Өзбекстан Журналистер одағы мен Түрік әлемі журналистер федерациясы (Türk dünyasi gazeteciler federasyonu) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

    Шарада Өзбекстан мен Түркияның Түркі әлемімен қарым-қатынасын жақсартуға деген ұмтылысы, екі ел басшыларының кездесулерінің нәтижелері, түркі тілдес елдердің медиа ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты орнату және дамыту, өзбек және түрік халықтары арасындағы ежелден келе жатқан достық, бауырластық және туысқандық байланыстар, ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы жетістіктері туралы айтылды.

    – Осы келісімде журналистердің тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету, БАҚ-тың арасында өзара қарым-қатынас орнату, тараптардың ынтымақтастығы аясында медиа шараларды ұйымдастыру сияқты мәселелер де белгіленді — дейді Өзбекстан Журналистер бірлестігінің төрағасының міндетін атқарушы Холмурод Салимов.

    Ақпарат үшін, Түрік әлемі журналистер федерациясы (Türk dünyasi gazeteciler federasyonu) – беймемлекеттік ұйымы болып, 2014 жылы Анкарада құрылған. Федерация журналистердің кәсіби қызметі бойынша медиа әлемде бірлестірумен бірге, мәдени, өнер және кино салаларын дамытуға үлес қосуда, әлемнің көптеген елдерінің журналистер ұйымдарымен ынтымақтастық байланыстарды орнатқаны да көңіл аударарлық жайт.

    Өздеріңізге белгілі, Өзбекстан Журналистер бірлестігі мен Бүкілқытайлық журналистер қауымдастығы арасында 2023 жылдың 15 июнінде жасалған ынтымақтастық келісімі аясында Бірлестіктің іс-әрекетімен ағылшын тілін жетік меңгерген, Бірлестікке мүше болған үш жас журналист және мүше ағымдағы жылдың 11-25 октябрь күндері Қытайда өткен оқу-семинар жаттығуларына қатысуда.

    Өзбекстан Журналистер бірлестігі тарапынан бұл жөніндегі істер жалғасады.

    Өзбекстан Журналистер бірлестігінің ақпарат қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates